Қайрат Нұртас:  «Мен оралман»

/uploads/thumbnail/20170708162356936_small.jpg

Сүйіп тыңдайтын әншім Қайрат Нұртастың жаңа әнін әндетіп отырып естігеннен кейін, бірден Қайракеңнің қалта телефонынна қоңырау тастадым. -Ассалаумағаликөм, Қайреке! -Бұл кім? Мен Қайраттың анасымын, - телефоннан шыққан дауысты естіп "селік" ете қалдым. - Не ғой, тым құрығанда телефонын өзіне берсеңізші... Ақымақ басымай, ақылдыға ақыл үйретіп нем бар еді. Одан да шаруама көшейін деген ойға келдім. Әңгіменің басы былай еді. Жақын арада шыққан Қайраттың жап-жаңа әні "Мен ораламын" төңірегінде. Бұл әнді 50 рет естіген шығарсыздар. Мен бір рет естіп Қайрекеңе ұсыныс тастадым. Қабылдау-қабылдамау ақ мамасының еншісінде екен. Ұсынысым мынау: бір естігеннен адамның делебесін қоздырып, өкшесін тоздыратын осынау "Мен ораламын" әнін бірден "Мен оралманмын" деп өзгертсек  «Нұрлы көш» саясатына зор серпін берері даусыз. Ұсынысым Қайраттың мамасы жағыннан талқылану үстінде, алда тағы екі жақтылы келіссөздер жүргізбекпіз. Сөйтседе тынымсыз басым тағат қылмай ән мәтінін сіздерге ұсынып отырмын. "Әу" демейтін қазақ  жоқ,  "Әу" деп отырыңыздар Қайрекеңнің әуенімен.

Мен оралман

Бері көштім, Берілді тіркеу деген маған бес күн. Дәл менің түсінбеді-ау халімді ешкім, Соққы боп сол тіркеусіз шағым маған. Бері көштім. Білерсің көшкенімді я білмессің, Білмесең көшкенімді зарым жетсін, Алалмай азаматтық жолдаған.

Қайрмасы :

Мен оралам. Елім саған, Салт-сана боп Ғайып болатын таңда. Мен оралман. Болып қазақ, Күн кешемін Тек Қазақияда ғана. Бері көштім. Әйтеубір көшкеніме өкінбеспін. Берсін деп квотаңды өтінбеспін, Биліктің алмағайып шағында. Бері көштім. Қаншама қиындыққа уақыт емші, Тілеймін елім саған бақыт сенші, Қалмаспын енді менде жат қолында.

Қайрмасы :

 

Жұмаділ Жарқынбек

Қатысты Мақалалар